
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Қарабалық аудандық орталық кітапханасының оқу залында КМҚК студенттерімен «Гордость страны – её символы» атты білім сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін тереңдету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін жалпылау. Студенттерді Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің тарихи өткеніне және халықтардың дәстүрлеріне құрметпени қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірлесіп орындаудан басталды. Содан кейін кітапханашы еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу және қабылдау тарихын айтып берді. Білімді бекіту үшін «Гордые символы Казахстана» викторинасы өткізілді. |