
Балалардың бойында түрлі кәсіптер туралы түсініктер қалыптастыру, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында кітапханашы В.Х. Куликова мұғалімдермен бірлесіп балалар алаңында «Город профессий»ойын-квестін ұйымдастырып өткізді.
Ойын барысында балалар «Собиралкино», «Определялкино», «Зарядалкино», «Дом Мастеров» және «Четвёртый лишний» станциялары бойынша қызықты саяхатқа шықты. Жүргізушілер балаларға «О пропавших профессиях» ертегісіндегі Катя мен Лера қыздарынан көмек сұрап жазған хатты табыс етті. Мамандықты қайтару үшін барлық тапсырмаларды орындап, сол үшін сөз алып, мақал құрау керек болды.
Балалар барлық станциялардан өтіп, барлық тапсырмаларды сәтті орындады. Іс-шара барысында балаларға ересектердің еңбегі, түрлі мамандықтар туралы айтылды. |