Қалың қар жаууы Қарабалық ауданының, оның ішінде Святославка ауылының тұрғындары үшін оңай болмады. 14 наурызда кітапханашы О.Ф. Шиманская АМҮ қызметкерлерімен және түрлі сала қызметкерлерімен бірге қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанындағы аумақты жинау бойынша экологиялық сенбілікке қатысты. Қажетті құрал-жабдықтарды қолға алып, қалың қардан ескерткішті тазартты. Барлығы бар ынта-жігерлерімен жұмыс істеді. Біреу жолдарды тазартса, біреу қар лақтырды. Жұмысты аяқтағаннан кейін, атқарылған жұмыстың нәтижесіне риза болды, әркім бұл іске үлесін қосты. |