
Қарабалық аудандық орталық кітапханасында қазақтың көрнекті қайраткері – жазушы, композитор, публицист, мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың шығармашылығына арналған «Ілия Жақановтың әдебиет пен мәдениеттегі шығармашылығы» атты тақырыптық кеш өтті.
Шара барысында қатысушылар Ілия Жақановтың сан қырлы мұрасы, оның қазақ музыка мәдениетін, әдеби өлкетануын дамытуға қосқан үлесі, өткен дәуірдегі ұлы орындаушылардың естелігін сақтау туралы мағлұмат алды.
Кітапханашылар автордың шығармалары, оның өмірі туралы мақалалар, сондай-ақ Ілия Жақанов зерттеп, шығармашылығын насихаттаған қазақ композиторлары мен мәдениет қайраткерлерімен таныс болды. Оның музыкалық шығармаларынан деректі бейнематериалдар көрсетілді.
Тақырыптық кеш еліміздің мәдени мұрасын тереңірек түсінуге және оны сақтау мен дамытуға зор үлес қосқан тұлғаға құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін тағылымды және жүрекжарды кездесу болды. |