5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай М.Сералин атындағы мектептің 5-сынып оқушыларына интеллектаулды жарыс өткізілді. Жарыс мақсаты: қазақ тілінің мәртебесін асқақтату, үштілділікті дамыту, балаларға қазақ халқының мақал-мәтелдерін дәріптеу.
Жарыс бес бөлімнен тұрды: сұрақ-жауап, «Тарсия» әдісі бойынша сөздерді жинау, сандарға байланысты мақал-мәтелдер айту, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын жатқа айту.
Іс-шара барысы қызықты, тартысты өтті. Жалпы екі топ бойынша жарысқа түсіп, бірінші топ өздерінің жыдамдықтарымен көзге түсті.
Алдымызға қойған мақсатты жүзеге асыра отырып, балалардың бойына өз тіліне деген құрметті артыра отырып, өзге тілдердің де маңызын, пайдасын тілге тиек еттім. |