
18 наурызда Наурыз мерекесі аясында Қарабалық аудандық орталық кітапханасында Ұлттық киім күніне арналған «История национального костюма» этно-экскурсиясы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қонақтарды қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы мен ерекшеліктерімен таныстырды берді.
Кітапхана қызметкерлері ұлттық киімдерді ұсынған сән көрсетілімі іс-шараға қатысушылардың ерекше назарын аударды. Қонақтар ұлттық киімдердің сән-салтанатын көріп қана қоймай, қазақ халқына тән ортаны сезіне алды.
Іс-шара әсем киінген кітапхана қызметкерлерінің шашуымен аяқталды. Шашу алғыс пен құрмет белгісі ретінде кітапхананың тұрақты оқырмандарына да ұсынылды. Іс-шараның атмосферасы ұлттық әсемдікке, жылулыққа және ата-баба дәстүрлеріне деген құрметке толы болды. |