Научный ауылдық кітапханасында кітапханасы Р.Ж. Думалакованың басшылығымен тарихи-өлкетану үйірмесі жұмыс жүргізуде. Ол туған жерінің тарихын зерттейтін балалармен бірге тарих пәніне көп көңіл бөлетін адамдарды біріктіреді.Үйірме жұмысында кітапханашы ауылдық кітапхананың өлкетану қорын пайдаланады, бірлесіп жұмыс жасауға мұражай мен мектепті қатыстырады. «Із басар» үйірмесі балалардың танымдық және шығармашылық қызығушылықтарын дамытуға ықпал етеді, туған жеріне, өз Отанына сүйіспеншілік және патриотизм сезімдерін тәрбиелейді. 27 қазанда «Туған өлкем» атты практикалық сабақ өткізілді. Балалар ауыл тарихымен, көз тартарлық орындарымен және ескерткіштерімен таныстырылды. Экскурсия барысында ескерткіштер қасында қағаздарды, кепкен жапырақтарды, қоқысты жинадық. Осы күні ауыл тұрғыны Қазақстанның Қарулы күштері қатарында өз борышын өтеп үйіне қайтып келген жауынгер Данил Помогаевпен суретке түстік. Үйірме сабағына 9 оқушы қатысты. |