
15 ақпан –Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні. Бұл күні біз Ауғанстандағы жауынгерлерді ғана емес, сонымен бірге елдің «ұрыс алаңында» – Солтүстік Кавказда, Жалалабад пен Кандагарда жанын қиған жігіттерді еске аламыз.
Святославска ауылдық кітапханасының кітапханашысы мұғалімдер Оксана Яковлевна Ильченко және Галина Павловна Пищукпен бірлесіп 8-9 сынып оқушыларына «Из пламени Афганистана» поэзия салонын дайындады.
Кітапханашы балаларға Ауғанстандағы әскери іс-шараларға қатысқан жауынгерлеріміздің ерлігі, қайсарлығы мен қаһармандығы туралы айтып, «Ауғанстан –мәңгілік жан жарасы» атты тақырыптық көрмемен таныстырды. Оксана Яковлевна Ауған соғысында өмірін қиған жерлестерімізге ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ мектеп оқушыларына соғыстың ең қасіретті эпизодтарының бірі – 1985 жылы 21 сәуірде Маравар ротасының қаза болуы туралы айтылды. Іс-шара барысында балалар көбіне қарапайым адамдар жазған өлеңдерді оқыды, бірақ оларда ең бастысы – шынайылық пен ашықтық бейнеленген. |