Осы жылдың қаңтар айында керемет балалар жазушысы, суретші Татьяна Ивановна Александрованың, әйгілі және көптеген балалардың сүйікті кейіпкері үй иесі Кузяның әдеби «анасы» дүниеге келгеніне 95 жыл толды. Ал 10 ақпан - халық күнтізбесі бойынша – үй иесі күні! Осы екі оқиғаны біріктіруге бел буған АБК-да қысқы демалыста оқырмандар үшін «Үй иесі» («Домовушка») ойыншығын жасау бойынша шеберлік сағаты өткізілді.
Кездесуде балалар Александрованың өмірі мен шығармашылығы, үй иесі туралы кітаптардың пайда болу тарихы туралы білді. Сондай-ақ «Кузька үй иесінің шытырман оқиғалары» мультфильмінен үзінді көрді, ертегі әңгімесіндегі сөз тіркестерін еске түсірді, олар қазір қанатты сөздерге айналған, мысалы: «Бақыт –бұл барлығының үйде болғаны!» және сол стяқты тіркестер. Жұмысқа кіріскеннен кейін балалар оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісіп, ата-аналарымен тағы қандай қолөнер жасағанын айтты. Жұмыс талқыланып, көңілді және қызықты болды. Дайын ойыншықты Татьяна Александрованың үй иесі Кузька туралы және оның қызы Галинаның кітаптарының көрмесінде қоюға шешім қабылдады. |