Главная » 2019 » Июнь » 5 » "Көңілді кітап демалысы "
12:45
"Көңілді кітап демалысы "

1 маусым -жаздың бірінші күні және Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекеге байланысты Қарабалық балалар кітапханасының қызметкерлері балаларға арналған жалпы кенттік мерекеге қатысу үшін К және О паркіне шықты.

Буккросинг (bookcrossing) - балалар кітапханасында бұл қозғалыс бұрыннан дәстүрге айналған. Әдеттегідей, ол 1 маусымда орталық саябақта бастауын алды. Буккроссингке қатысқысы келетіндер жыл сайын көп. Бұл жолы сексен ұсынылған кітаптар мен журналдардан он шақты кітап қалды. Оқу әуесқойларының жасы әртүрлі. Бұлар немерелері бар әжелер, аталар, жас ата-аналар, жасөспірімдер мен балалар. Әр адам өзіне ұнайтын  кітапты таңдап алды.

Бұл қозғалыс туралы адамдардың пікірі қызықты болды. Көптеген адамдар бұл "өте керемет және қажетті идея" деп келісті, өйткені әрқашан қызықты бірдеңені оқуға мүмкіндік болмайды, ал мұнда кітап сені өзі табады". Басқа да өз үй кітапханасынан жақсы кітаптарды тапсыруға мүмкіндік барына қуанды. Кейбіреулер мұндай қозғалыс туралы бұрын естімеген, бірақ енді міндетті түрде қатысуға уәде берді. Буккроссинг балалар кітапханасында жаз бойы өз жұмысын жалғастырады. "Дені сау болғың келсе-дұрыс тамақтан"! Біздің дастархан барлық дұрыс тамақтану әуесқойларын жинады. Балалар пайдалы және зиянды азық-түлік туралы жақсы білетіндіктерін көрсетті. Лотереяға қатысуға тілек білдірушілер көп болды: барабанды айналодырып, жұмбақтар шешу, сұрақтарға жауап беру және сол кезде пайдалы дәруменді - жеміс-жидектерден және көкөністерден дәм татқызды.

Қозғалмалы ойындардың жанкүйерлерін "Ертегі эстафетасы" спорттық-ойындық ойын күтіп тұрды. Неге "ертегі"? Себебі қатысушылар ертегі викторинасына қатысып, "Жүйрік етіктер", "Үш батыр", "Конек-горбунок", "Мюнхгаузен ядросы", "Түлкі Алиса и мысық Базилио" конкурстарына қатысты. Сайыс соңында балалар сыйлықтар алды.

Мереке жақсы өтті! Балалардың көңілді, бақытты жүзі барлық іс-шаралар бойы көрініп тұрды. Балалардың қуанышы мен күлкісі – бұл ересектер үшін ең жақсы марапат. Балалық шақ –бұл  ертегі әлемі, ал ересектердің бұл әлемді қорғауы міндетті!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 251 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2804]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0