Тоғызақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қазақ халқының көрнекті қайраткері, жазушы, педагог, тұңғыш қазақ журналисті және жерлесіміз Мұхамеджан Сералинге арналған "Көп қырлы талант" атты әңгіме өткізді. Кітапханашы қазақ зиялылары өкілінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі.
Іс-шара барысында қатысушылар "Халық есіңдегі есім" бейнеролигін қызығушылықпен тамашалады, біздің ауданның киелі орны –ескі Өрнек ауылында орналасқан көрнекті қоғам қайраткері жерленген орынмен танысты.
Мәдени ұйымдастырушы Буркунова Л.П. жерлесіміздің әкесі Сералы-Қожаның "Сераланың қоштасу сөзі" өлеңін оқыды. Әңгіме танымдық сипатқа ие болды, қатысушылар көптеген қызықты нәрселерді білді. Кездесу соңында кітапханашы қатысушыларға "Біздің өлкеміз таланттарға бай" атты көрме –портретке шолу жасады. |