
Наурыз мейрамын тойлау қаррсаңында және 14 наурыз бір-біріне амандық-саулық тілеп, жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығу күнінде, Михайловка ауылдық кітапханасының кітапханашысы мәдени ұйымдастырушы Е.Н. Блошенкомен бірге құрметті зейнеткер З.Н. Дикопольцеваға қонаққа барды.
Олеся Владимировна Зоя Николаевнаны келе жатқан мерекемен денсаулық, амандық және ұзақ өмір тілеп, шын жүректен құттықтады. Құрмет пен алғыс ретінде естелік сыйлық табыс етсе, «Чудеса аппликации» үйірмесінің қыздары да өз қолдарымен салынған сурет пен гүлді тарту етті. Бір кесе шай үстіндегі жылы әңгіме кездесуді жайлылық пен мейірімділік атмосферасына бөледі.
Зоя Николаевна ауыл өмірі мен салт-дәстүрлерді сақтау маңыздылығы туралы қызықты әңгімелер айтты. Бұл шара аға ұрпаққа деген ілтипаттың белгісі ғана емес, мәдени құндылықтар сабақтастығының жанды үлгісіне айналды.
Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеуге және Наурыз мерекесінің ажырамас бөлігі болып табылатын қонақжайлылық дәстүрлерін сақтауға септігін тигізеді. |