Есірткіге байланысты проблемалар бойынша жасөспірімдердің хабардар болу деңгейін арттыру, есірткі заттарын қолданудың себептері мен салдары туралы сенімді ақпарат беру мақсатында Қарабалық орталық аудандық кітапханасында «Жеңіл есірткі болмайды» атты ескерту- көрмесі ресімделді.
Көрмеде есірткі заттарының адам ағзасына зияны, нашақорлықтың алдын алу және, әрине, салауатты өмір салты туралы кітаптар ұсынылған.
Әңгіме нәтижелі өтті. Балалар қорытынды жасады: шығармашылықпен айналысу, денсаулығын нығайту, спортпен шұғылдану арқылы күш пен төзімділікті дамыту керек! «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!», - деді олар. |