Осы жылы Қарабалық аудандық балалар кітапханасында 8 Наурыз мерекесіне арналып өткізілген көрме ерекше болды. Құттықтау - кітап көрмесінде әйелдер туралы кітаптардан басқа өз аналарына арналған кітапхана оқырмандарының жылы құттықтау сөздері орын алды. Әсем ресімделген проза және өлең түрінде жазылған ең жақсы жылы сөздер болды.
8 Наурыз мерекесінің пайда болу тарихымен кітапханашы Н.Н.Гербеева көрменің алдында әңгіме барысында оқырмандарды таныстырды. Балалар үшін бұл мереке қандай орын алады деген сұраққа көп пікірлер тудырды, бірақ барлығы бұл мерекенің негізгі кейіпкері – бұл әйелдер деп келісті: ана, әжелер, қыздар және т.б. Мереке қарсаңында балалар көрмеден өз аналарына 8 Наурызға арналған құттықтау сөздерін алып апарады деп шешім қабылданды.
Жалпы айтқанда көрме әсерлі және ашық түсті болды. Кітапхана оқырмандары үнемі оған назар аударып балалардың құттықтау сөздерін оқыды. |