Жеңіс күні қарсаңында Аудандық балалар кітапханасында Кеңес Одағының батыры мерген Әлия Молдағұловаға арналған «Казахская девушка, дочь Ленинграда» патриоттық сағаты өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы Н.Н.Гербеева Әлияның өмірі мен ерлігі туралы айтып берді. Әңгіме «Снайпер» фильмінің тұсаукесері мен үзінділерін көрсетумен, оған арналған өлеңдерді оқумен,сондай-ақ Роза Рымбаеваның орындауындағы әйгілі «Әлия» әнін тыңдаумен сүйемелденді.
Іс-шара салтанатты жағдайда өтті. Балалар Қазақстандық мерген қыз туралы барлық ақпаратты қызығушылықпен тыңдады.
Іс-шараның барлық қатысушылары Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қатысушылар Әлия туралы кітаптар көрмесімен қызығушылықпен танысты.
Мұндай іс-шаралар біздің кітапханада балалардың бойында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерлігіне, соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне деген терең құрмет пен ризашылық сезімін тәрбиелеу; Ұлы Отан соғысы туралы білім беру негізінде тарихи естеліктер мен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. |