21 қарашада Қарабалық аудандық орталық кітапханасында қазақ әдебиетінің детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, "Кемел Тоқаевтың кітаптарындағы тарихтың нұры мен көлеңкесі" диалог-сұхбаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – көрнекті жазушының шығармашылық мұрасын насихаттау, жастар мен өскелең ұрпақты патриотизм мен азаматтыққа, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында кітапханашы студенттерді жазушының өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды, содан кейін Кемел Тоқаевтың "Түнде атылған оқ", "Солдат соғысқа кетті", "Тасқын" шығармалары бойынша әдебиеттерге шолу жасады. |