Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы үш жүздің соңғы ханы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына арналған, "Кенесары Қасымұлы – тұлға және саясаткер"атты тарихи саяхат- бейнеролигін дайындады. Кенесары Қасымұлы - 19 ғасырдағы Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері. Атасы Абылай секілді қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру жолындағы ұзақ күресте өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсете білді. Оның басшылығымен 10 жыл бойы патша отаршылдарына қарсы азаттық күрес жүргізілді. Өзінің ауқымы мен мағынасы жағынан бұл қазақ халқының ең маңызды көтерілісі болды. Кітапханада "Кенесары Қасымов - хан"тақырыптық сөресі ресімделген.