Биыл Мұхамеджан Сералиннің туғанына 150 жыл толады. Смирнов ауылдық кітапханасының кітапханашысы осы күнге арналған "Халық есінде сақталған есім" атты кітап көрмесіне шолу жасады. Мұхамеджан Сералин XX ғасырдағы қазақ халқының қоғамдық өмірінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, ақын, ағартушы, журналист, педагог. Мұхамеджан Сералиннің ақын ретіндегі зор еңбегі қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрының орнығуымен байланысты. Іс-шарада қатысушыларды Мұхамеджан Сералиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, көрмеде ұсынылған кітаптар туралы (көшірмелерде), аудандық және облыстық газеттердің мақалалары туралы (фотосуреттермен) айтып берді. Материал екі тілде ұсынылған. |