Қарабалық аудандық балалар кітапханасында Ұлы ақын, қазақ ауызша - поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Халық –менің шын атым» атты жеке кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты -оқырмандарды Ұлы ақынның өмірлік және шығармашылық жолымен таныстыру. Жамбылдың өмірі мен қызметі үлгісінде оқырмандардың бойында патриоттық, Ар-намыс, ерлік, адамгершілік сезімдерін, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.
Кітап көрмесінде домбыра ұстаған дана қария Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылды. Оқырмандар Ұлы ақынның Отанға деген сүйіспеншілікке толы шығармаларымен, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттеріндегі Қазақстан ақындары мен жазушыларының мақалаларымен, естеліктерімен және сөздерімен танысты. |