Қазақ халқының көп ғасырлық тарихы бар. Киелі Қазақстан - табиғи және мәдени мұраның ерекше құрметке ие ескерткіштері: зайырлы және мәдени сәулет, кесенелер, тарихи құнды орындар және т. б. Туған жерге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне ерекше қарау –патриотизмнің маңызды белгісі. 4 сынып оқушылары үшін кітапханада "Киелі Қазақстан" виртуалды саяхатын өткізді. Балалармен бірге Б. Майлин атындағы тарихи - өлкетану мұражайы-"Киелі Қазақстан -Отанымыздың қасиетті орындары" атты бейнероликті тамашалады. Қазақстанның киелі жерлерін болашақ ұрпақ үшін сақтау қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімелесті, өйткені олар осы жердің тарихи естеліктерін сақтайды. |