«Киелі мекен» апталық акциясы аясында Тоғызақ ауылдық кітапханасы АМҮ және Тоғызақ ауылы әкімшілігінің қызметкерлерімен бірге Ворошиловка ауылындағы ескерткіштің аумағын қоқыстан тазартты.
Күн ашық, шуақты болып, керемет көңіл-күй сыйлады. Қажетті құрал-жабдықтар алып, олар аумақты тазауға қуана кірісті. Барлығы үлкен рухани жігермен жұмыс істеді. Біреу жапырақтарды сыпырды, біреу оны үйінділерге қарай тырмалап, біреу қаптарға салып, қоқыс жәшіктеріне апарды. Шаршаса да, керемет көңіл-күймен жұмысты аяқтады. |