30 маусым күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері аудандық балалар кітапханасының жас оқырмандарына Домбыра күніне арналған "Үкілі домбыра" іс-шарасымен келді. Қазақстанда бұл мереке 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Іс-шара барысында кітапханашы ұлттық аспап-домбыра туралы айтып берді, содан кейін қазақ фольклоры мен қазақтың ұлттық аспаптарын білуге арналған шағын викторина өткізді. Іс-шара соңында АМҮ қызметкері Айбол Жолдыбай бірнеше қазақ күйлерін орындап, осы аспапта ойнауды үйренуге балалардың қызығушылығын тудырды. Барлық қатысушыларға домбыра бейнеленген шағын күнтізбелер сыйға тартылды.