8 ақпанда әлеуметтік желілерде жарияланған "Оқитын ұрпақ – 2021" балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдауға арналған жалпыұлттық акцияға арналған іс-шара және бейнеролик осылай аталды. Біздің мақсатымыз балаларға кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын көрсету, кітаппен және оқумен қызықтыру, өз бетінше оқуға деген ынтасын ояту болды. Іс-шара соңында барлық балаларға кітаптар сыйға тартылды. Біздің кездесуіміз балаларға кітапқа жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.