«#ОқыЖәнеЖең» ІІІ облыстық онлайн оқу байқауы аясында Қарабалық орталық аудандық кітапханасының қызметкерлері М.Горький атындағы, М.Сералин атындағы, А.Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, сонымен қатар Қазақстан агротехникалық колледжінің оқытушыларымен және Қарабалық ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді..
Байқау кітап оқуды қолдау және насихаттауға, әдебиетке деген қызығушылық пен шығармашылықты дамытуға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары барысында кітапханашылар байқаудың кезеңдері, қатысушылардың жас санаттары, жеңімпаздардың жүлде қорына тоқталды.
Түсіндіру жұмысының соңында кітапханашылар жан-жақты ақпараттар жазылған брошюралар таратты. Ұстаздар өз кезегінде өздеріне ұнайтын кітаптар туралы айтып, кітап оқудың ой-өрісті кеңейтетінін баса айтты. |