6 қазанда Ворошилов бастауыш мектебінде кітапханашы Р.Ж. Думалакова «Кітап құрылысы» кітапханалық сабақ өткізді. Сабаққа мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Сабақ балалармен танысудан басталды. Сабақ «Правила поведения для воспитанных детей» кітап бойынша әңгімеден басталды. Балалар «Портфельді сабақтарға кештен жинайсыңдар ма?», «Кім таңертең өзі тұрады?», «Мектепке барар да таңғы ас ішесің бе?» деген сұрақтарға жауап берді. Бұл сұрақтардан кейін қорытынды жасалды: сабақтарға жауапкершілікпен қарау екенін айтты. Кейін балалар кітап құрылысымен танысты. Көмекке мультимедиялық презентация ұсынылды. Барлық балаларға кітаптар таратылды. Кітаптың әр бөлігін зерттеді және салыстырды. Қызықты өткен сабаққа барлық балалар қатысып көп мәлімет алды. Сабақ соңында кітапханашы жаңа жазылған оқырмандарға бір кітаптан берді. Сабақ мақсаты: оқушыларды кітап құрылысымен таныстыру, кітаппен өзіндік жұмыс жүргізудің дағдыларын қалыптастыру, сабақта алған ақпаратты бекіту.