
2025 жылдың 30 қаңтарында Қарабалық аудандық балалар кітапханасында мемлекеттік тілде оқытатын Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушылары үшін қызықты іс-шара өтті. Осы күні балалар үшін екі тілде «Кітапханаға қош келдің! Добро пожаловать в библиотеку!» экскурсиясы ұйымдастырылды.
Оқу залында балалар қазақ тіліндегі ең жарқын және қызықты «ақылды» кітаптармен танысты, олардың арасында балалар энциклопедияларына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, балаларға арналған мерзімді басылымдарға шолу жасалды. Олар біздің кітапханада «Балаби», «Балалар әлемі», «Балдырған», «Ойла», «Ертегілер әлемі» және т. б. сияқты қызықты және танымдық журналдарды табуға болатындығын білді.
Балалар кітапханасының абонементінде орналасқан кітаптар балаларға ерекше әсер қалдырды. Экскурсия барысында балалар кітапханадағы тәртіптің негізгі ережелерімен таныстырылды, кітаптармен журналдарға ұқыпты қарау қаншалықты маңызды екенін білді.
Сондай-ақ, балалар үстел ойындарымен ойыншықтардың алуан түрі бар ойын бөлмесіне барды. Балалар кітапханадан кеткісі келмеді және кітапханаға жиі келіп тұруға уәде берді.#ДетскаяБиблиотекаКарабалык |