23 қазанда кітапханашы Роза Жаксылыковна Думалакова балаларды қарсы алып кітапханаға «Кітапхана, кітап, мен – жақсы достармыз» атты саяхат жасады.
Оның мақсаты: кітапханамен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Саяхат жасау барысында оқырмандар кітапхананың қолдану ережелерімен, кітап қорымен, тақырыптық сөрелермен, кітап көрмелерімен, мектеп оқушыларына арналған кітапханадағы мерзімді басылымдармен таныстырылды. Іс-шараға әр түрлі жастағы оқырмандар қатысты. Аға буын өкілдері Бородаев В.В., Швора Е.И. «Мурзилка» журналын, «Пионер», көркем әдебиетті оқи бастағанын қызықты әңгімеледі. Роза Жаксылыковна кітапхананың белсенді оқырмандары болуға кеңес берді. Егер көп кітап оқысаңдар, балалар, планеталар мен жұлдыздардың сиқырлы құпияларын ашасыңдар, табиғат жұмбақтарын шешесіңдер және кім біледі, мүмкін кітап сөресінде сендерге өмірге жол ашатын кітап кездесіп қалар.
Детей радушно встретила сельский библиотекарь Роза Жаксылыковна и пригласила 23 октября на экскурсию «Библиотека, книжка, я - вместе верные друзья».
Целью было знакомство с библиотекой, формировать интерес к книгам.
Вначале провела экскурсию по библиотеке, затем - правила пользования библиотекой, знакомство с фондом, тематическими полками, книжными выставками, просмотр имеющихся в библиотеке периодических изданий для школы. На мероприятие участвовали разновозрастные категории читателей. Бородаев В.В., Швора Е.И. поделились своими воспоминаниями как они начинали любить читать журнал «Мурзилку», «Пионер», художественную литературу. Роза Жаксылыковна посоветовала стать активными читателями нашей библиотеки. Ведь если вы будете много читать сможете открыть волшебные тайны планет и звёзд, сумеете разгадать загадки природы, и может быть однажды на книжной полке вам попадётся книга, которая поведёт вас по жизни. |