Балалар кітапханасының табалдырығын ақырын басып алғаш рет осында «Улыбка» балабақшасының бүлдіршіндері келді. Балалар – ең игілікті оқырмандар. Бірақ кітап әлемімен танысу алдында оларды кітапхана қазынасымен таныстыру қажет. Біздің кітапханашылар жас оқырмандармен алғашқы кездесуді қалай өткізуін біледі, өйткені баланы қызықтыру қажет. Ойын сауық түрінде балаларға Балалар кітапханасы, кітаптар туралы, кітапханада кітап оқу ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар әдептілік, мейірімділік және «жамандық пен жақсылық деген не?» туралы әңгіме жүргізілді. Кітап сөрелерінде балаларды қызықты кітаптар мен журналдар күтіп тұр! Осылай балалардың кітапханамен бірінші танысуы өтті. Жуырда олар біздің жақсы оқырмандарымызға айналады! Ата-аналар, өз істеріңізді қоя тұрып Балаңызға жақсы кітап оқуға уақыт бөліңіз. Кітап оқу деген өмір қажеттілігі! |