
2024 жылы жазда «Книга рекордов моего села» кітабы жарық көрді, бұл Научное ауылының тұрғындарына нағыз жаңалық болды. Кітапханашы Роза Жаксылыковна мен Веселокут бастауыш мектебінің оқушылары арасында кітап алмасу аясында кітап балаларға ұсынылды. Балалар Рекордтар кітабына кімнің және не лайық екенін, соның ішінде ең биік және ең кішкентай тұрғындары, ұзақ өмір сүргендер, бірегей нысандар мен түрлі салаларда табысқа жеткен адамдар туралы білді.
Научное ауылындағы жеміс-жидек дақылдары зертханасымен, сондай-ақ, ауылдастары Варвара -ең кішкентай тұрғын, Елена Плотникова — оқуға құштар оқырман және Ихсан — ең жас оқырман болып рекордтар кітабына енгеніне мақтанады. Кітапқа көптеген таңғажайып оқиғалар жинақталған, ниет білдірушілер Научное ауылдық кітапханасынан таныса алады. |