2016 жылғы 29 тамызда Боскөл ауылының тұрғындары үшін Кітапханашы С.К. Держунина және клуб меңгерушісі А.С. Сейткалиева ҚР Конституциясының 25 жылдығына қарсы «Конституция – мемлекетіміздің Ата заңы» тақырыбына іс-шара өткізді. Іс-шара барысында қазақстан туралы электронды презентация көрсетіліп, «Заң туралы не білесің» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Қазақстандық патриотизмді және өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, интеллектуалдық білімін дамыту, ҚР Ата заңы туралы ой – өрісін дамыту. Іс-шара соңында музыкалық ертегілерді пайдалана отырып ойын сауық бағдарламасы өткізілді. |