2016 жылғы 30 тамызда Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кириленко В.Н. әйелдер клубының қатысушылары үшін «Конституция – табысты болашақ кепілі» атты құқықтық сағатын өткізді. Осыдан жиырма бір жыл бұрын, 1995 жылғы 30-тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң — мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Құқықтық сағаттың соңында іс-шараның қатысушылары викторинаның сұрақтарына жауап берді. |