
Мерейтой – туған өлкенің тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін зерделеу үшін тамаша негіз. Қарабалық үшін 95 жыл –құрметті жас: тәжірибе жинақталды, мақтанып көрсетуге болады және үлгі алатындар бар. Оның тарихында көптеген еңбек ерліктертері бар.
Святослав ауылдық кітапханасында 4-6 сынып оқушылары үшін Қарабалық кентінің 95 жылдығына арналған «Край, в котором мы живем» өлкетану сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға Қарабалықтың тарихи өткені, оның символикасы, өз шығармаларында туған өлкеге деген сүйіспеншілігін астарлы білдіретін біздің талантты жерлес-ақындар, суретшілер туралы айтып берді. Содан кейін балалар сұрақтарға қуана жауап беріп, өз білімдерін көрсетіп, көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білген ауылдың көрікті жерлері туралы «Люби и знай, родной свой край» викторинасын өткізді. Балалардың назарына «Край, в котором мы живем» атты тақырыптық көрме ұсынылды. Бала туған жері туралы неғұрлым көп білім алса, соғұрлым оның гүлденуіне қызығушылық танытады. |