Қазан айында Боскөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.К. Держунина Боскөл ауылдық орта мектебінде «Қазақстандағы латын әліпбиі» атты сұрақ және жауап сағатын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру == болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласымен, қазақ әліпбиінің латын жазуына ауыстыру жобасымен таныстырды. С.К. Держунина латын әліпбиі біздің еліміз үшін, өркениетті жетекші ел болуға ұмтылатын көпұлтты мемлекет ретінде қажет деп айтты. Түсіндірме әңгімелесудің соңында оқушылар: қазақ тіліндегі әліпби қашан қабылданады, латын әліпбиінде жаңа оқулықтар қашан шығарылады, біздің елімізге латын әліпбиіне көшу нені береді және т.б. сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға балалар толық жауап алды. |