Главная » 2017 » Август » 23 » Латын әліпбиі. Мәдениет. Ағарту
09:44
Латын әліпбиі. Мәдениет. Ағарту

22 тамыз күні аудандық орталық кітапханасында аудандық мұрағаттың, өлкетану мұражайының, тілдер орталығының, мәдениет және шығармашылық үйінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар қазақ  тілінің  латын әліпбиіне көшуі мемлекеттік тілдің дамуына түрткі болады деген пікірге  келді. Қонақтар мен кездесуді ұйымдастырушылар ел басы  Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту " мақаласын талқылады. «Біз бүгін қазақ тілінің латын графикасына көшуінің болашағын талқылаймыз. Арнайы осы үшін сіздерді кездесуге қатысуға кітапханаға шақырып отырмыз", ― деді өз сөзінде оқу залының кітапханашысы Б. Мендибаева. Жас ұрпақтың латын графикасына қалыптасуы қиын болмайтынына қатысушылар сенімді. Жастар және  интернетті пайдалана алатын, ағылшын тілін білетіндер латын әліпбиіне еш ауыртпалықсыз көшеді. Ең бастысы қазір барынша сауатты және нақты ауыстыру бағдарламасы әзірлену қажет. Ауысу бірқалыпты болуы керек.  Көптеген кеңестік кезеңнің мемлекеттері тәуелсіздігін алмас бұрын латын графикасына көшкен.2017 жылдың соңында Үкімет латын әліпбиіне  бірқалыпты, кезең-кезеңмен көшу бағдарламасын әзірлеуі және бекітуі тиіс.  Пікір сайыс қазақ тілінің латын жазуына көшуі отандық мәдениеттің дамуына үлкен әсерін тигізеді деген  қорытындыға алып келді. 2025 жылға қарай латын графикасына кезең-кезеңмен көшуі аяқталады деп күтілуде.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 414 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2804]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0