Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Осыған орай Қарабалық аудандық орталық кітапханасында кітапханашылар «Латын әліпбиін бірге үйренеміз» атты ақпараттық бұрыш рәсімдеді. |