Бүгінгі таңда оқырмандардың назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Осыған орай Қарабалық аудандық кітапханасының кітапханашылары оқырмандар арасында «Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас» атты сауалнама өткізді.
-Латын әліпбиінің болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ. Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін биіктерге бастайтынына кәміл сенемін – деп өз ойын білдірді оқырмандардың бірі . |