
Жазушылар өз шығармаларын түрлі бағытта жазады. Кейбіреуі балалар туралы, өзгесі саяхат жайында, ал кейбірі қиял-ғажайып әңгімелер құрастырады. Табиғат пен жануарлар туралы кітап жазатын натуралист жазушылардың да қатары бар. Солардың бірі -Николай Иванович Сладков. Бұл жазушы өзінің дерлік барлық шығармашылығын табиғатқа арнаған. Оның орман тұрғындары, табиғат, жануарлар туралы шынайы сүйіспеншілікпен жазған 60-тан астам көркем әдебиеті бар.
Сладкова биылғы жылы 105 жаста. Осы мерейлі күн қарсаңында Қарабалық аудандық балалар кітапханасында «Николай Сладковпен орман саяхаты» эко-сағаты өткізілді. Кітапханашы Н.Н.Гербеева балаларға натуралист жазушының өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырып, оның ерекше туындылары, табиғатқа деген ерекше сүйіспеншілігі, Ұлы Отан майдандағы қызметі туралы әңгімеледі. Содан кейін балалар жазушының таңғажайып шығармаларына саяхат жасады: орманда адасып қалмау үшін Сладковтың «Орман әліппесі» атты кітабынан орман әліпбиін үйренді; жазушымен бірге «Жануарлар әңгімесі» кітабындағы орман әңгімелерін тыңдады; «Дос па қас па?», «Жұмбақ аң» атты әңгімелермен танысты. Кітаптарды талқылау барысында балалар Николай Сладковтың ормандағы жасырын үйін іздеп, оның басты құпиясын - табиғатқа және барлық тіршілікке деген зор сүйіспеншілігін ашты. Іс-шара соңында балалар Николай Иванович Сладковтың шығармашылығы табиғаттың сұлулығын бағалауға, сүюге, ондағы ерекше нәрсені өз көзімізбен көруге көмектеседі деген қорытынды жасады.
Іс-шараға «Сиқыршы жазушы Сладков» атты кітаптар көрмесі қойылды. Балалар кітаптардағы иллюстрацияларды қызығушылықпен қарап, өздері үшін көптеген қызықты, танымдық ақпараттар алды. |