12 сәуірде Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл күн кездейсоқ таңдалмады, дәл осы күні көрнекті қазақстандық ғалым-геолог, Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келді. Биыл Қаныш Сәтбаев 125 жасқа толады. Осы күн қарсаңында М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына Қаныш Имантайұлының өмірі мен қызметі туралы дәріс оқылды. Іс-шара барысында «К.Сәтбае» және «Мемориальный музей имени К.Сатпаева» бейнефильмдері көрсетілді, балалар фильмнен оның баға жетпес еңбектері туралы білді.
Сәтбаевтың есімімен тек қалалар, көшелер мен кәсіпорындар ғана аталмайды. Бірақ, мысалы, Қаратауда табылған минерал – геологиядан сәтбаевит деп аталады. Географиядан – Жоңғар Алатауы тауларындағы тау шыңы мен одан сырғанайтын мұздық. Ботаникадан – оның құрметіне сирень сорты арналған. Астрономиядан – Қырым обсерваториясында ашылған астероид.
Қаныш Имантайұлы руханият пен өнерге жақын болды. Ол көптеген халық әндерін білді және оларды жақсы орындады, қазақ халқының ән және әдеби шығармашылығы туралы баяндамалар жасады. Ол бірнеше рет кештер ұйымдастырды, онда әндер орындалып оған белсенді қатысты, көбінесе қазақ әндерін өзі орындады, домбырада ойнады.
Іс-шараға «Ғылым көкжиегіндегі дара тұлға» атты кітап көрмесі дайындалды. |