Қазақ көрнекті ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ғалым, тіл реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Белоглин ауылдық кітапханасының кітапханашысы 9 сынып оқушыларымен Ахмет Байтұрсынұлына арналған "Ұлттың амбебап ұстазы" атты сабақ өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар оның ғалым, көптеген оқулықтардың құрастырушысы, аудармашы, этнограф ретінде танып, сонымен қатар балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы екенін білді. А.Байтұрсынұлы ғылыми-педагогикалық еңбектерінің нәтижесінде қазақ әдебиетін жоғары деңгейге көтеріп, ұлттық мектеп пен қазақ әдебиетінің берік іргетасын қалады. Сабақ барысында оқушылар А.Байтұрсынұлының "Маса" шығармасынан үзінді оқыды. |