Главная » 2025 » Июнь » 18 » Ұлы Отан соғысының батырлары.
18:35
Ұлы Отан соғысының батырлары.

«Ізбасар» клубы Ұлы Отан соғысына қатысушыларды мәңгі ұмытпау мақсатында жұмысын жалғастыруда. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Ұлы Отан соғысының батырлары» папкасына ата-бабаларға деген зор сүйіспеншілікпен жиналған жаңа материалдар енгізілді.

Любовь Ивановна Сосновская үлкен және маңызды жұмыс атқарды: ол әрқайсысы өз отбасы мен өз елінің тарихында із қалдырған үш соғыс батыры туралы мәліметтер жазып, жинады.

Тізімде бірінші болып Любовь Ивановнаның әкесі Иван Васильевич Мангушев тұр. Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлікпен және қайсарлықпен  шайқасқан. Оның ерлігін отбасы мақтанышпен еске алады. Иван Васильевич сұрапыл соғыс жылдарынан аман өтіп, елге оралып, балаларының Отанға деген сүйіспеншілік рухын сіңірді және жақсылыққа тәрбиеледі, абыройлы өмір сүрді.

Любовь Ивановна қайын атасы Алексей Митрофанович Сосновский туралы да айтты. Ол да соғысқа қатысқан, жауынгерлік жолдан өтіп, Жеңіске үлесін қосқан. Ол туралы әңгіме – ерліктің, жанқиярлық пен өз парызына адалдықтың үлгісі.

Любовь Ивановнаның қазір Германияда тұратын құрбысының әңгімесін жеке атап өткен жөн. Ол әкесі Иван Иванович Лесняк туралы естеліктерімен бөлісті. Өмірден өтсе де, ол кісі туралы естеліктер ұмытылмайды. Оның жауынгерлік жолы оңай болмаса да, абыроймен өтті.

Жиналған материалдар жай ғана тарих беттері емес, солардың арқасында бүгінде бейбіт өмір сүріп жатқан адамдардың тірі естеліктері. Сол сұрапыл соғыс пен Ұлы Жеңісті ұмытпас  үшін мұндай әңгімелердің маңызы зор.

Батырлар есімі біздің жүрегімізде мәңгі ұмытылмайды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 39 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3001]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0