16 наурыз мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» болып саналады. Бұл АМҮ қызметкерлерімен бірлесіп 6-8 сынып оқушыларымен ақпараттық – ойын-сауық кездесуін өткізді.
Іс-шараны «Адам жасы туралы» термесімен ЖолдыбайАйбол бастады. Кітапханашылар көктемгі күн мен түннің теңелуі – Наурыз мерекесі туралы айтып берді. Содан кейін балалармен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты ойын-сауық викторинасы өткізілді.
Қазақ ертегілері –халық ауыз әдебиетінің пен өнердің ғажайып үлгісі. Балалардың бойында қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылықты ояту мақсатында «Алдар көсе» ертегісі тамашаланды.
Алынған ақпаратты бекіту үшін балалармен Не? Қайда? Қашан? атты сұрақ-жауап өткізілді.
АМҮ фойесінде С.Қожамқұлов атындағы балалар өнер мектебінің қызметкерлері жергілікті суретшілердің картиналарының көрмесін рәсімдеді. |