
27 қарашада Қостанай қаласында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Мәңгілік өнер. Искусство на все времена» облыстық әдеби байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Мақсаты: жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттау, дарынды жастарды анықтау және қолдау, оқуды насихаттау, әдебиетке деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеу.
Байқауға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 15 жастан асқан 28 ақын мен прозаик қатысты. Қарабалық аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Оспанова Нұрсила Кабденқызы құрметті 3 орынға ие болып, дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Нұрсила Қабденқызының туындысы кітапхана шығаратын әдеби альманахта басылып шығады.
|