Станционный ауылдық кітапханада жерлесіміз, тұңғыш қазақ журналисті, Өрнек ауылының тумасы М.Сералиннің туғанына 150 жыл толуына орай "Мұхамеджан Сералин - аңызға айналған есім" атты іс-шара өтті. Кітапханашы белгілі қазақ ағартушысының өмірбаяны мен өмір жолы туралы айтып, оның педагогикалық және баспа қызметімен, сондай-ақ "Гүлкашима" және "Топжарған" поэмаларының мазмұнымен таныстырды. МҮ фойесінде тақырыптық сөре безендірілді. |