Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы әңгіме-диалогты қазақ халқының көрнекті қайраткері, жазушы, педагог, тұңғыш қазақ журналисті және жерлесіміз Мұхамеджан Сералинге арналды. Қатысушылар қазақ зиялылары өкілінің өмірі мен шығармашылығымен танысып, М. Сералин қазақтардың отырықшы өмір салтына көшуі үшін, егіншілікпен айналыса бастағанын, ағартушы өз қаражатына кітапхана ашып, қазақ және орыс халықтарының жақындасуына шақырғандығын білді. Балалар біздің ауданның киелі жерлерімен танысты – көрнекті қоғам қайраткері жерленген орын ескі Өрнек ауылында орналасқан. Бұл ауылда Сералы шағын көлі бар, осы көлдің жағасында Мұхамеджан Сералин жерленген.
Біздің жерлесіміз есімі аудан орталығының орталық алаңында орналасқан ескерткіште жазылған. Сондай-ақ, Қостанай қаласының облыс орталығында және Қарабалық кентінде көшелердің бірі оның есімімен аталды, Қарабалық кентіндегі мемлекеттік тілде оқытатын мектепке және Өрнек кентіндегі мектепке М. Сералин есімі берілген. |