Главная » 2022 » Февраль » 7 » «Мұхамеджан Сералинді еске алу»
16:08
«Мұхамеджан Сералинді еске алу»

М. Сералин сол кезеңдегі қазақ халқының алдыңғы қатарлы ұлдарының бірі. Ол терең аналитикалық ойлау қабілеті бар табиғаты бойынша дарынды адам болатын. Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына орай 7-8 сынып оқушыларына "Мұхамеджан Сералинді еске алу" атты ақпараттық сабағы өткізілді. Сабақта оның өмірі, шығармашылығы туралы әңгімелесті. Балалар оның қазақ ауызша халық шығармашылығын оқып, орыс, татар және парсы тілдерін меңгергенін, Мұхамеджан Сералиннің "Айқап" журналы қазақ журналистикасының жаңа бетін ашқанын білді. Журналистикасы жоқ ел – шежіресі жоқ ел. Бұл журнал бес жыл бойы қарапайым халық арасында ағартушылық бағытты жүзеге асырды. Сабақты бекіту үшін балаларға тапсырма берілді, "Мұхамеджан Сералиннің өмірі мен шығармашылығы" тақырыбына презентация дайындап, "Журналистер" және "Публицистер" болып екі командаға бөлініп, олар жұмысқа кірісті. Сабақтың соңында әр команда презентация ғана емес, сонымен қатар қысқаша хабарлама дайындады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 119 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2804]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0