23 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай Боскөл ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушылары үшін кітапханашы С.К. Держунинамен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты іс-шара өткізілді. Республикамыздың елтаңбасы, туы және әнұраны туралы түсінік берілді, олардың пайда болу тарихы, Қазақстан туралы сөзжұмбақ шешілді, Отанымыз, мемлекеттік рәміздер туралы өлеңлер оқылды, викторина ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара соңында әр оқушы Өзінің туған жерін суретке салды және бәрі қосылып Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту, өз халқының тарихына, мәдениетіне және мұрасына құрмет көрсетуді тәрбиелеу. |