2018 жылы Қарабалық ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Тоғызақ ауылдық кітапханасында осы күнге арналған «Мен осында тұрамын, және маған бұл өлке қымбат атты тарихқа саяхат өтті. Мектеп оқушылары біздің ауданның қалыптасуы туралы әңгіме тыңдады, Қарабалық тұрғындарының соғыс және бейбіт уақытта ел істеріне қатысуы туралы білді. Кітапханашы басты байлық аудан –мақтан ететін адамдар туралы айтып берді. Қарабалық тарихына біздің жерлестеріміздің: журналист, ақын және ағартушы М. Сералинның, танымал актерлер мен қайраткерлер Сералы Қожамқұлов пен Қапан Бадыровтың есімдері мәңгі жазылған. Қарабалық ауданы - белгілі жазушы және қоғам қайраткері Иван Щеголихиннің отаны. Татьяна Искаковна атақты еңбеккерлер - тоғызақшылар туралы әңгімесін жалғастырды: алғашқы тың игеруші, еңбек екпіні В. В. Гурняктың, Н. М. Богареваның –ең жақсы астық кептіргішке, әлеуметтік жеңімпазға, еңбек ардагері, ХШЖ көрмесі қатысушысының фотосуреті Қостанай облыстық нан өнімдері өндірістік басқармасы жанындағы Құрмет Тақтасына енгізілген. Балаларға "Қарабалық" бейнеролигі ұнады.
Іс-шараның барлық қатысушыларына сыйлыққа " Тоғызақ-менің туған ауылым!" буклеттері берілді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақ үшін өте маңызды, олар азаматтық сана-сезімді және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға көмектеседі. 15 адам қатысты. |