6 мамырда Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған №3 М. Сералин ат. ЖББМ оқушыларымен «Мен - өз Отанымның патриотымын!» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты – отансүйгіштік рухын тәрбиелеу, жасөспірімдердің назарын туған елінің тарихына аудару және ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру.
Іс-шараның басында балалармен «патриотизм» сөзінің мағынасын талдады. Кітапханашы мереке тарихымен таныстырды, балалар Қазақстан армиясы туралы көптеген қызықты фактілерді білді. Іс-шара соңында балалармен викториналар өткізілді. |