2010 жылдан бастап жыл сайын наурыздың бірінші сәрсенбісінде Дүниежүзілік дауыстап оқу күні өткізіледі. Дауыстап оқу ересектерге де, балаларға да пайдалы екені белгілі, ол ойларды оңай және дәл білдіруді үйренуге мүмкіндік береді, сөздік қорын, ой-өрісін арттыруға, дикцияны жақсартуға, дұрыс сөйлеуге ықпал етеді.
Балаларға және ересектерге дауыстап оқу – бұл кітап мәдениетімен танысудың ең тиімді әдісі.
6 наурызда Қарабалық аудандық балалар кітапханасында Халықаралық дауыстап оқу күніне арналған «10 регион предпоЧИТАЕТ!»: Читаем Бердибека Сокпакбаева облыстық акцияға кітаптың бенефисі өтті. Акцияға мемлекеттік тілде оқытатын М. Сералин атындағы мектептің оқушылары қатысты.
"Менің атым Қожа" - қазақ әдебиетінің алтын қорына енген классикалық шығарма. Біздің іс-шара барысында жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірбаяны мен еңбектерінің презентациясы ұсынылды, оның 100 жылдығын биыл Қазақстанда атап өтуде. Кітапханашы ұсынған кітап көрмесі дайындалды. Содан кейін интерактивті түрде «Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнын еске түсірді, шығармадан үзінділер оқыды. Әңгіменің экранға шығуы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Көптеген балалар дауыстап оқығанды ұнататыны туралы айтты, өйткені мәтін жақсы есте қалады. Шынында да, балалар мәнерлеп және өте эмоционалды түрде үзінділерді оқыды. Оқудан алған әсерлерімен бөлісті.
Біздің әрқайсымызда оқырманның таланты бар. Кез-келген талантты ашу, өсіру, тәрбиелеу керек. Оқырман талантының қайнар көздері, көптеген басқа қабілеттер сияқты, ерте балалық шақта жатыр. Оқиық! Бірге оқыңыз! Дауыстап оқыңыз! |