29 наурызда Приреченка ауылдық кітапханасында Қарабалық ауданының 95 жылдығына арналған өлкетану іс-шарасы өткізілді. Кітапханашы Қарабалық ауданы мен Өрнек ауылдық округінің құрылу тарихын айтып берді. Қарабалық ауданы ескерткіштерінің фотосуреттерімен, Приречное ауылының құрылған кезінен бастап тың жылдарындағы фотосуреттермен тақырыптық стенд ресімделді, балаларға қарауға өлкетану материалдары бар папка ұсынылды, Қарабалық ауданы туралы кітаптары бар кітап көрмесі ресімделді. Қатысушылар ойын түрінде келесі тапсырмаларды орындады: Қарабалық ауданының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін атауға, Приречное ауылының барлық көшелерін атауға, логикалық тұрғыдан ойлануға және олардың неге мұндай атаулар берілгендігін түсіндіруге тура келді. Балалар ауылдың жоспарын көшелермен және көше атауларымен және әкімшілік ғимараттардың орналасқан жерін көрсете отырып жасады. Сондай-ақ, қатысушыларға ауылдық округтің беделді кісінің мінездемесі оқылды, олар мінездемеге сәйкес бұл адамды болжап, тапты. Балалар белсенді жұмыс жасады, іс-шара қызықты және танымдық өтті. |